Иран мен Кувейт аймақтық елдердің пікірлесуі мен әріптесу қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 16 Feb 2017 10:29:51 GMT )
Ақп 16, 2017 16:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Кувейт аймақтық елдердің пікірлесуі мен әріптесу қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті мен Кувейт әмірі аймақтың қазіргі жағдайында көршілес мұсылман елдердің бірлігі мен тілектестігінің маңыздылығына тоқталып, аймақ елдері арасында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатып, дамуды қамтамасыз ету үшін пікірлесу мен әріптесу және үйлестіру жұмыстарының қажеттігін қуаттады.

ИИР Президентінің әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Кувейт әмірі шейх Саббах Ахмад Джабер әл-Саббахпен кездесуінде Иран мен Кувейттің мәдени, тарихи және діни ортақтықтары мен екі ел халқының тарих бойындағы шынайы  бауырластық қарым-қатынасына тоқталып: «Иран мен Кувейттің әртүрлі салаларда қарым-қатынасын тереңдетіп, нығайту үшін көптеген мүмкіндік бар. Бұлардың барлығын екі ел мен аймақтың мүдделеріне сай қолдануға болады»,-деді.

Рухани ең маңызды аймақтық өзгерістерге, әсіресе терроризм қатеріне тоқталып: «Аймақтың терроризм сияқты үлкен мәселелері – баршаны қамтитын қауіп. Бұл мәселені шешудің жолы – аймақтағы барлық елдер мен көршілес елдердің бір-бірінің жанында иық тіресе тұруы»,-деді.

Кувейт әмірі шейх Саббах Ахмад Джабер әл-Саббах та осы кездесуде ИИР Президентінің Кувейтке келгені мен оның бірлік тудырушы  ұстанымдары мен көзқарастарына алғыс айтып: «Аймақтың қазіргі жағдайы біздің барлығымыздан бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болуды талап етеді. Осы тұрғыдан Теһранмен барлық салалар бойынша қарым-қатынас деңгейін арттыруға шешім қабылдап отырмыз»,-деді.