Түркия үкіметі ақпарат құралдарын бақылауын күшейтті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2440-Түркия_үкіметі_ақпарат_құралдарын_бақылауын_күшейтті
«Заман» газеті Түркиядан Германияға ауыстырылып, Берлинде шығады. «Германия заманы» газетінің Бас редакторы Сүлейман Пач: «Бұл газет - Түркиядағы ең көп тиражды газет. Үкімет оған үстемдік көрсеткеннен бері Германияда оппозициялық газет ретінде шығады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 09, 2016 17:32 Asia/Almaty
  •   Түркия үкіметі ақпарат құралдарын бақылауын күшейтті

«Заман» газеті Түркиядан Германияға ауыстырылып, Берлинде шығады. «Германия заманы» газетінің Бас редакторы Сүлейман Пач: «Бұл газет - Түркиядағы ең көп тиражды газет. Үкімет оған үстемдік көрсеткеннен бері Германияда оппозициялық газет ретінде шығады»,- деді.

Түркия үкіметі өткен жұма күні газеттің Стамбулдағы кеңсесіне шабуыл жасап, оны өз бақылауына алды. Газеттің Бас редакторының айтуынша, Германияда шығатын «Заман» газеті мен Түркияның ішіндегі «Заман» газетінің арасында ешбір байланыс жоқ.

«Германия заманы» газетінің жаңа нұсқасы өзінің бірінші бетінде «Конституцияның жойылуы» деген тақырыптағы мақаласын жариялады. «Заман» газетінен басқа Стамбул соты «Джейхан» ақпарат агенттігінің Эрдоғанның қарсыласы әрі «Нұр» жамағатының басшысы Фатхолла Гюленмен қарым-қатынасы бар деп, олардың бақылауын үкімет тағайындаған бірнеше адамға тапсырды.

Түркия үкіметінің ақпарат құралдарына қысым көрсетуі жаңа мәселе емес. «Заман» газеті мен «Джейхан» ақпарат агенттігінің басшылығын сот белгілеген адамдарға тапсыру елдің іші мен сыртындағы наразылықтарға кезікті. Осы салада халықаралық Амнистия ұйымы мен Еуроодақ Түркия үкіметі мен сот органдарының газеттер мен ақпарат құралдарын бақылауға алуын айыптады.

Еуропа кеңесінің төрағасы да Түркиядағы ақпарат құралдарының азаттықтан айыруларына алаңдаушылық білдірді. Дональд Туск дүйсенбі 7-ші наурызда: «Бұл Одақ Түркиядағы ақпарат құралдарының азаттық мәселесіне немқұрайлық таныта алмайды, өйткені сөз бостандығы адам құқығының маңызды негізі. Сөз бостандығы болмаса, қоғам алға ілгерілемейді»,- деп қуаттады.

Түркиядағы ақпарат құралдарының азаттығы туралы алаңдаушылықтар бұл елдің үкіметін сынайтын ең үлкен газеттің бақылауға алынуымен артты. Халық республикасы оппозициялық партиясының басшысы Кемал Қличдороғлы да «Заман» газетінің бақылауға алынуын Түркияның сот органдарының өздерін құдырет иелері деп санауының белгісі деп атады. Шын мәнінде Түркия үкіметінің ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатуы үкімет басындағылардың Түркия қоғамындағы демократиялық органға шабуыл жасауы болып табылады.

Кейбір саяси топтар Стамбул сотының ақпарат құралдарын тәркілеп бақылауға алу шешімін айыптап, мұндай шешім үкіметтің баспасөз азаттығын жойып, қарсыластарды әлсіретуді көздейді деп бағалады.

Түркия соты мен үкіметінің әрекеттерінің негізгі мақсаты Эрдоған үкіметінің бұрынғы одақтасы Фатхалла Гюлен болып табылады. Гюленнің есімі Түркияның сот органдары, әскери және қауіпсіздік күштеріне оны тұтқындауға рұқсат береді. Сонымен бірге «Хизмет» қозғалысының белсенділері немесе Фатхолла Гюленнің жақтастарын қамауға да рұқсат береді.

Түркияның ықпалды діни қайраткері мен Эрдоған арасындағы қайшылықтар осыдан үш жыл бұрын басталып, осы кезге дейін жалғасуда. Жаңа кезеңдегі үкіметтің ақпарат құралдарына қарсы қатаң шаралары ақпарат саласындағы соғыстың басталуын білдіреді. Анкара үкіметінің әрекеттеріне қатысты ішкі және халықаралық реакциялардан билік басындағы партия мен үкіметтің Түркия қоғамындағы ойынды тоқтатуға кепілдік бермейді деген ой туады.