Түркия мен сионистік режимнің байланыстары кеңеюде
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24608-Түркия_мен_сионистік_режимнің_байланыстары_кеңеюде
Түркия мен сионистік режимнің байланыстары кеңеюде. Осы байланыстар дипломатиялық және сауда- саттық деңгейден де асып кеткен.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 23, 2017 17:25 Asia/Almaty
  • Түркия мен сионистік режимнің байланыстары кеңеюде

Түркия мен сионистік режимнің байланыстары кеңеюде. Осы байланыстар дипломатиялық және сауда- саттық деңгейден де асып кеткен.

Түркия мен сионистік режимнің байланыстарын кеңейту шеңберінде Израильдің баскетбол командасы осы режимнің Спорт министрімен бірге Еуропа чемпиондық кубогы ойындары шеңберінде Түркияның баскетбол командасымен сайысқа түсу үшін Түркияға сапар шеккен.

Сионистік режимнің жалпы қауіпсіздік қызметі (Шин-Бет) Шабак өткен аптада Израильдің баскетбол командасын қауіпсіздік қатерлеріне байланысты Түркияның Газиантеп қаласына сапар шегуден тыйған болатын, бірақ осы команда өз күштерінің күзетуімен Түркияның оңтүстігінде орналасқан осы қалаға аттанды. Палестиналық түрлі топтар, соның ішінде Палестина Исламдық жиһад қозғалысы Түркия мен сионистік режимнің өз байланыстарын қалпына келтіру келісіміне көрсеткен реакцияда бұл қозғалыс әр елдің кез- келген желеумен Израиль режимімен байланыстарын қалпына келтіру шарасын қабылдамайды деп мәлімдеді.