Ыбырайым мешіті оқиғасына жиырма үш болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24636-Ыбырайым_мешіті_оқиғасына_жиырма_үш_болды
2017 жылдың ақпан айының жиырма бесі Ыбырайым мешітіндегі қасіретті қырғынның жиырма үшінші жылдығына сәйкес келеді. Осыған байланысты Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әл-Халил қаласында палестиналықтар шеруге шықты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 25, 2017 14:27 Asia/Almaty
  • Ыбырайым мешіті оқиғасына жиырма үш болды

2017 жылдың ақпан айының жиырма бесі Ыбырайым мешітіндегі қасіретті қырғынның жиырма үшінші жылдығына сәйкес келеді. Осыған байланысты Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әл-Халил қаласында палестиналықтар шеруге шықты.

Ыбырайым мешітіндегі қырғынның жиырма үшінші жылдығына орай кеше ақпанның жиырма төрті күні ұйымдастырылған жұма күнгі шеруге палестиналықтармен қатар, Палестинаға қолдау көрсетуші шетелдік ұйымдар мен сионистік режимге қарсы оппозициялық қозғалыстар да қатысты. Ыбырайым мешіті әл-Халил қаласының көне бөлігінде орналасқан. Бұл мешіт қанды қырғыннан кейін басып алынған болатын. Статистикалық мәлімметтерге сәйкес, бұл жерде 400-ге жуық тұрғын өмір сүреді.

Сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жан-жақты қылмыстар жасап жатқаны баршаға мәлім. Алайда, бұл режимнің палестиналықтарға қарсы кейбір қылмыстары тарихи оқиға  саналады. Солардың бірі – Ыбырайым мешітіндегі қанды қырғын. Сол оқиғада, яғни,  1994 жылдың ақпан айының жиырма төрті күні сионист экстремист Барух Гольдштейн мешітке шабуыл жасап, соның салдарынан 29 палестиналық қаза тауып, 150 адам жарақат алған болатын. Осы оқиғадан кейін сионистік режим қылмысты тергеу сылтауымен "Шамгар"  атты комитет құрған. Басқаша айтқанда, бұл режим өзі жасаған қылмысын тергеу үшін арнайы комитет құрды. Тергеу комитеттері құрамында халықаралық тәуелсіз заңгерлер мен соттар болған жағдайда ғана сындарлы әрі әділ шешім қабылдай алады. Алайда, өзі айыпты әрі қылмыс жасаған режим тарапынан құрылған тергеу комитеті әділ бола алмайды. Осылайша, "Шамгар" комитетінің де шешімі әділетсіз болып, қайта керісінше, палестиналықтарға қарсы қылмыстардың артуына себепкер болды.

Сионистер құрған комитеттің жасаған маңызды істерінің бірі Ыбырайым мешітін екі бөлікке бөліп, оны басып алып, палестиналық тұрғындардың өмірлерін қиындатып, Ыбырайым мешітін қарауылдау үшін онда сионистік лагерь орнатуы болып табылады. Сондай-ақ, сионистік комитет еврейлерге мешіттің 60 пайызына билік ету құқығын берді. "Шамгар" комитетінің бұл шешімі сионистік режимнің басып алынған жерлердегі, яғни бұл мекенді, әсіресе палестиналық мұсылмандардың  діни мекендерін еврейлендіру аясындағы негізгі стратегиялардың бірі саналады. Сионистік режимң басып алынған жерлердің діни болмысын өзгертіп, бұл жерге толығымен еврейлік болмыс беруді көздеп отырғандықтан,  олардың саясаты үлкен басымдылыққа ие болып отыр. Сондықтан, 1994 жылдың ақпан айының жиырма бесі күні Ыбырайым мешітіндегі жаппай қырғын сионистік режимнің тарихи қылмыстарының бірі болып саналады.

Басқыншы сионистік режимнің Ыбырайым мешітін басып алғанына 23 жыл болса да, Палестина халқы ешқашан бұл заңсыз билікті мойындаған емес. Айта кететін жайт, Ыбырайым мешітіндегі жаппай қырғын ғана емес, осы оқиғадан кейінгі сионистік режимнің іске асырған басқыншылық әрекеттерінің ешқайсы бұл режимнің басқа да қылмыстары секілді ешбір халықаралық сотта қарастырылған емес.