Иордан өзенінің батыс жағалауында үш палестиналық шәһид болды
Сионистік әскерилер тарапынан тағы палестиналық үш адам оққа ұшып, шәһид болды.
«Құдс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Құдсты жаулап алған режим армиясының әскерилері бүгін сәрсенбі күні жаулап алынған Құдста қарсыласу амалдарына қатысты деген желеумен екі палестиналық жасөспірімге оқ атып, оларды шәһид етті.
Сонымен орайлас Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әз-Завие елді мекенінде де сионистік әскерилер екі палестиналық жігітке қарай оқ атты. Соның салдарынан олардың біреуі шәһид болды.
Басқыншы режим армиясының әскерилері жаралы жандарды ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем көліктерінің оқиға орнына келуіне кедергі жасады.
Палестинаның түрлі аймақтары 2015 жылдың қазан айының бас кезінен қазірге дейін палестиналықтардың сионистік режимнің шапқыншылық саясатына, Бейт ул-Мұқаддастың болмысын бұрмалаудағы астыртын әрекеті мен әл- Ақса мешітін уақыт пен мекен тұрғысынан бөлу жобасына қарсы ауқымды наразылықтарының куәсы болып отыр. Сол кезден осы уақытқа дейін 190- нан астам палестиналық шәһид болған.