Таяу Шығыстың бірқатар елінде азаптау арқылы мойындату негізінде өлім жазасы жүзеге асырылуда
Халықаралық Кешірім ұйымы 2017 жылдың наурыздың екісі, бейсенбі күні: "Бахрейн, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі өлім жазасына кескен үкімдер азаптау арқылы мойындату негізінде жүзеге асырылып отыр" деді.
Халықаралық Кешірім ұйымы Женевадағы жыл сайынғы отыз төртінші отырысында: "Бахрейн, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірлігіндегі қинау мен азаптау және қатыгездік әрекеттер халықаралық заңдарға сәйкес тыйым салынған жағдайда жүзеге асырылып жатыр",- деп мәлімдеді.
Халықаралық конвенциялар мен нормативтік актілерде "Адам құқықтарының негізгі ережелері" атты қағидалар жинағы бар. Оларды бұзуға немесе өзгертуге болмайды. Солардың қатарына азаптау мен кемсітушілікке тыйым салу, заңның кері күшінің болмауы, сөз және дін таңдау бостандығы мен өмір сүру құқығы жатады.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүше араб елдерінде, соның ішінде, Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Біріккен Араб әмірлігінде осы айтылған принциптердің үсті-үстіне бұзылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл елдердегі соттар билікке қатысты жікшілдік көзқарасымен өз азаматтарының сөз бостандығы мен дін таңдау бостандығын бұзуда. Сондай-ақ, бұл елдердің сот жүйесі де азаптау нәтижесінде тек азаптау арқылы мойындатуға тыйым салу қағидасын ғана емес, сонымен қатар, дәл осы мойындату тәсілі арқылы әділетсіз және саяси өлім жазасына кесу арқылы өз азаматтарын өмір сүру құқығынан айыруда. Басқаша айтқанда, азаптауға тыйым салу, өмір сүру құқығы, сөз және дін таңдау бостандықтары қайта-қайта әрі ресми түрде Сауд, Халифа және Наһиан әулеттерінің режимдері тарпынан бұзылып жатыр. Шынтуайтында, адам құқықтарының бұл негізгі қағидаларының Сауд Арабиясы, Бахрейн және БАӘ соттары тарапынан бұзылуы таңқаларлық жағдай емес. Бұл соттардың билік ету стилі мен тәсілі адам құқықтарын сақтауға негізделмеген. Сондықтан, бұл елдерде адам құқықтарын ашық түрде бұзған айыпталушылар ешқандай жазаға тартылмайтынымен қоса, үкіметтер тарапынан да қолдауға ие болып отыр.
Парсы шығанағы кеңесінің кейбір мүше елдерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Бахрейнде тек азаптау жолымен мойындатудан басқа, әділетсіз үкімдер қабылдау үшін әсіресе саяси және діни қайраткерлерге қарсы жалған жазалар қолданылады. Бахрейнде шейх Иса Қасемге «ақшаны жылыстату» деген айып тағу осыған мысал бола алады.
Бұл елдер батыстың алпауыт елдерінің, әсіресе АҚШ-тың қарамағында болғандықтан, оларға адам құқықтарын ашық түрде бұзды деген дәлелмен халықаралық деңгейде тиісті қысым жасалмайды. Сол себепті, Халықаралық Кешірім ұйымының тәуелсіз топтардан Бахрейн, Сауд Арабиясы мен БАӘ-дегі азаптау мен қатігез әрекеттерге байланысты айыптауларды қарастыру үшін жылдам, бейтарап әрі тиімді зерттеулер жүгізу туралы өтініші жүзеге асырылмай, қалып отыр.