Дамаскте лаңкестік шабуыл болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25092-Дамаскте_лаңкестік_шабуыл_болды
Дамаскте болған лаңкестік жарылыстан ондаған адам шәһид болып, жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 11, 2017 21:13 Asia/Almaty
  • Дамаскте лаңкестік шабуыл болды

Дамаскте болған лаңкестік жарылыстан ондаған адам шәһид болып, жараланды.

«Alalam» арнасы тілшісінің хабарлауынша, бүгін сенбі күні Дамасктің Мағбаре әл- Баба әс- Сағир аймағында болған жарылыстан кемінде 40 адам шәһид болды. Мәліметтерге сәйкес, сондай-ақ шамамен 120 кісі жараланған. Шәһид болғандар мен жараланғандардың денін зияратшылар құрады.

САНА ақпарат агенттігі Дамаск полициясының қолбасшылығына сілтеме жасап: "Осы лаңкестік шабуыл барысында Мағбаре әл- Баба әс-Сағирдің маңындағы Баб Мосалла аймағында 2 бомба жарылды" деп хабарлады.