Израиль палестиналық әйелдерге қарсы ауқымды қатегіздіктер жасап жатыр
(last modified Thu, 10 Mar 2016 12:43:39 GMT )
Нау 10, 2016 18:43 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналық әйелдерге қарсы ауқымды қатегіздіктер жасап жатыр

Статистика көрсеткендей, Палестина халқы, соның ішінде, палестиналық әйелдер бұрынғысынша сионистік режимнің қатыгездіктері мен басып-жаншу әрекеттеріне душар болып отыр. Бұл режим осы аяда ешқандай шекара танымай отыр.

Сионистік режим тарапынан осындай қатынас халықаралық ұйымдардың реакциясын тудырды. Осы аяда БҰҰ сионистік режимнің палестиналық әйелдерге қарсы қылмыстарын айыптады. БҰҰ-ның Әйелдер құқығы жөніндегі комиссиясы халықаралық әйелдер күніне орай дайындаған мәлімдемесінде сионистік режимді палестиналық әйелдер үшін туындаған барлық қиыншылықтардың себепкері деп атады.

Осы мәлімдеменің бір бөлігінде Израильдің босқындар лагерлерінде қоныстанған палестиналық әйелдерге қарсы қатыгездіктері айыпталды. Бұл Палестинаның әл-Мизан деп аталатын адам құқығы орталығы бір есебінде осыған орай Израиль Газаға қарсы соңғы соғысында (2014 жылғы 50 күндік соғыс) 300-ге жуық әйелді шәһид еткенін мәлімдеген жағдайда орын алды.

Осы мәлімдемеге сәйкес, сионистік режимнің Газаға қарсы жуырдағы шабуылы кезінде шамамен 35 мың палестиналық әйел босқынға айналған. Сионистік режим әскері Газа әйелдеріне тиесілі 2600 пәтерді қиратқан. Сондай-ақ 791 әйел осы соғыс барысында өз күйеулерінен айырылса, тағы 600 әйел соғыс салдарынан түсік тастаған.

Палестинада соңғы айларда Израильдің басып-жаншу және басқыншылық әрекеттері күшейді. Бұл мәселе палестиналық басшылар мен БҰҰ-ның қайраткерлерінің алаңдаушылығын тудырды. Олар бірнеше рет осы мәселе жайлы ескерту де жасады.

БҰҰ-ның есептері АҚШ пен кейбір батыстық үкіметтердің кедергі жасауы және БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің немқұрайдылығы салдарынан қарстырылмай қалды. Бұл есептер режимге қарсы шара қолдануға түрткі бола алмады. Дәл осындай сылбыр қатынас сионистік режимнің көбірек дөрекілікпен өз қылмыстарын жалғастыруына себеп болды.

Сионистік режимнің палестиналықтарды басып-жаншу әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидтің айқын үлгісі болып табылады. Соңғы жылдары Израиль қылмыстарының артуы, соның ішінде, осы режимнің Газаға қарсы жан түршіктірерлік шабуылдары әлем халықтарының жүрегін жаралады.

Палестина жерінің тарихы Құдсты басып алушы режимнің осы жердің езілген халқына қарсы көптеген басып-жаншу және басқыншылық әрекеттерін жасағанын көрсетеді. Осы әрекеттерге шолу жасасақ, сионистік режимнің Палестина халқына ең жаман қатынас жасағанын және палестиналықтардың құқығын толығымен әлсірету жолында әрекет еткенін көреміз.

Сионистік режимнің палестиналықтарға, әсіресе, палестиналық балаларға қарсы қылмыстарының жалғасуы, БҰҰ-ның осы қылмыстарға қатысты немқұрайдылығы, аталмыш ұйымның осы аяда статистика ұсынумен шектелуі, осы қылмыстарды тек сөзбен айыптау сионистік режимнің палестиналықтардың түрлі таптарына, әсіресе, әйелдеріне қарсы қылмыстарының әлі де жалғасуына себеп болды.