Башар Асад АҚШ пен Түркияның басқыншылығына реакция білдірді
(last modified Sun, 12 Mar 2017 09:20:13 GMT )
Нау 12, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • Башар Асад  АҚШ пен Түркияның басқыншылығына реакция білдірді

Сирия Президенті Башар Асад: «Сирия үкіметінің рұқсатынсыз осы елге кірген бөгде елдердің, әсіресе АҚШ пен Түркияның күштері басқыншы болып саналады»,-деді.

Сирия үкіметі осы елдің территориясында лаңкестікпен күрес амалдарының  ел үкіметімен үйлесімділікте атқарылу қажеттігін бірнеше мәрте айтқан болатын. АҚШ пен Түркия Сирия үкіметімен осы елдің территориясына өз күштерін орналастыру туралы ешбір келісімге қол қоймастан және Сирия басшылары бұл екі елге мұндай өтініш жасамасаған жағдайда Сирияның аумақтық тұтастығын бұзып отыр. АҚШ пен Түркияның Сириядағы авантюрасы аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнату және  лаңкестікпен күресу мақсаттарымен үйлеспейді. Вашингтон мен Анкараның саясаттары Таяу Шығыс  аймағында қайшылықтардың одан ары шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды.

АҚШ пен Түркия әскерилерінің Сирия үкіметінің рұқсатынсыз осы елдегі қимылдары халықаралық заңдарға қайшы басқыншылық болып табылады. Бір елдің аумағында қандай да бір әскери амал жүргізу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатын қажет етеді. Алайда АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың бастамасымен Сирия жерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз ДАИШ-ке қарсы коалиция құрылған соң  халықаралық сахнада осындай бастамалар жалғасып, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке ауыр қатер төндіріп отыр. Халықаралық заңдар аясынан тыс және елдердің егемендігін құрметтемеу негізінде өздігінен жасалған кез-келген әрекет сол елдің аумақтық тұтастығын бұзу болып саналады. ДАИШ сылтауы Сирияның  егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға жамылғы болмауы тиіс. Қалай болғанда да, АҚШ пен Түркия басшыларының сыртқы саясат сахнасындағы қарама-қайшы, күңгірт әрі өзгермелі қатынастары және олардың лаңкестік топтармен, соның ішінде ДАИШ тобымен ашық та жасырын байланыстары олардың ДАИШ-пен күрес туралы уәждеріне күмән тудырады. Бұл екі елдің ДАИШ тобымен ашық та жасырын байланысы туралы ақпараттар кең таралды.  Сирия армиясының лаңкестермен күрестегі сәттіліктерінің олардың демеушілерін қатты алаңдатып отырғаны айқын. Олар Сирияда әскери қимылдарды күшейту арқылы бұл елде лаңкестердің толық жеңілуінің алдын алуды көздейді.  Басқа жағынан, АҚШ пен Түркия екіжүзді қатынастарымен Сириядағы лаңкестерді жеңуді АҚШ пен Түркия әскерилерінің қимылдарына қарыздар деп көрсетуді мақсат тұтады. Олар осылайша өздерінің Сириядағы мақсат-мүдделерін жүзеге асырғысы келеді. АҚШ пен Түркия Сирияда қауіпсіз аймақ құруды көздеп отыр. Олар осылайша лаңкестерге өз күштерін қайта жинауға мұрсат беріп, Сирияны бөлуге жағдай жасауды мақсат тұтады. Бұл мақсаттар Сирия үкіметі мен халқының алаңдаушылығын тудырып отыр.  Башар Асадтың ұстанымы қоғамдық пікірді АҚШ пен Түркия тарапынан Сирия халқына қарсы жасалып жатқан қастандықтардан хабардар етті.