Башар Асад: Батыс елдері – аймақта лаңкестіктің таралуының факторы
(last modified Mon, 13 Mar 2017 08:38:10 GMT )
Нау 13, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Батыс елдері – аймақта лаңкестіктің таралуының факторы

Сирия Президенті Батыс елдерінің Сирия мен Таяу Шығыс аймағына қатысты қате саясатын осы ел мен аймақта лаңкестік топтардың таралуының факторы деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Сирия Президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскта Еуропа Парламентінің халықаралық байланыстар комиссиясы басшысының орынбасары  бастаған делегациямен кездесуінде: «Көптеген еуропалық елдердің саясаты өз мүдделері аясында әрдайым реакцияшылдар мен лаңкестікті қолдау, аймақтағы азат елдерге, соның ішінде Сирияға қарсы санкциялар салу болды»,-деді.

Еуропа Парламенті делегациясының мүшелері осы кездесуде Еуропа саясаткерлері мен халқының Сириядағы оқиғалар жөніндегі қате көзқарастарын түзету үшін мақсатты түрде талпыныстар жасап жатқанын айтып, осы талпыныстардың мақсатының Еуроодақ пен Сирия арасында қайтадан дипломатиялық қатынас орнату және осы елге таңылған санкцияларды жою деп атады.

Еуропа Парламенті делегациясының мүшелері мұндай мақсаттарды орындаудың Сирияға тыныштық пен тұрақтылықты қайтарудың факторы бола алатынын айтты.

 

Тегтер