Дамасктің маңында британдық қаруларды тиеген екі жүк көлігі тәркіленді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25180-Дамасктің_маңында_британдық_қаруларды_тиеген_екі_жүк_көлігі_тәркіленді
Сирия армиясы осы елдің астанасы Дамасктің маңында едәуір мөлшерде британдық қару-жарақ пен оқ-дәрі тиеген екі жүк көлігін тәркіледі.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 13, 2017 21:35 Asia/Almaty
  • Дамасктің маңында британдық қаруларды тиеген екі жүк көлігі тәркіленді

Сирия армиясы осы елдің астанасы Дамасктің маңында едәуір мөлшерде британдық қару-жарақ пен оқ-дәрі тиеген екі жүк көлігін тәркіледі.

Бірінші жүк көлігі Сирияның оңтүстігінде орналасқан Дара облысынан  Дамаск төңірегіндегі лаңкестердің қарамағындағы аймаққа аттанса, екінші жүк көлігі де Сирия астанасына таяу жердегі әл-Кесват аймағына аттанған.

Бұдан бұрын Сирия армиясы Батыс елдерінде, соның ішінде Америка мен Ұлыбританияда жасалған қару-жарақ пен оқ- дәрінің бірнеше қоймасын осы елдің түрлі аймақтарынан тауып, тәркілеген болатын.