Израильдік әскерилер палестиналық жасөспірімді шәһид етті
Нау 18, 2017 15:18 Asia/Almaty
Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалуында бір палестиналық жасөспірімге оқ атып, шәһид етті.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің әскерилері кеше жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халилдің солтүстігінде орналасқан әл-Аруб лагеріне жасаған шабуылда 16 жастағы палестиналық Мұрад Юсеф Абу Ғазиге оқ атып, өлтірді.
Сионистік режимнің әскерилері дүйсенбі күні басып алынған Құдстағы Баб әл-Асбат ауданында бір палестиналық жасөспірімге оқ атып, оны шәһид етті.
Мұрад Юсеф Абу Ғазидің шәһид болуымен Құдс интифазасының 2015 жылғы қазан айындағы құрбандарының саны 290 адамға артты.
Тегтер