Израильдік әскерилер палестиналық жасөспірімді шәһид етті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25324-Израильдік_әскерилер_палестиналық_жасөспірімді_шәһид_етті
Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалуында бір палестиналық жасөспірімге оқ атып, шәһид етті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 18, 2017 15:18 Asia/Almaty
  • Израильдік әскерилер палестиналық жасөспірімді шәһид етті

Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалуында бір палестиналық жасөспірімге оқ атып, шәһид етті.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің әскерилері кеше жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халилдің солтүстігінде орналасқан әл-Аруб лагеріне жасаған шабуылда 16 жастағы палестиналық Мұрад Юсеф Абу Ғазиге оқ атып, өлтірді.

Сионистік режимнің әскерилері дүйсенбі күні басып алынған Құдстағы Баб әл-Асбат ауданында бір палестиналық жасөспірімге оқ атып, оны шәһид етті.

Мұрад Юсеф Абу Ғазидің шәһид болуымен Құдс интифазасының 2015 жылғы қазан айындағы құрбандарының саны 290 адамға артты.