Түркияда Наурыз мерекесі кезінде елдің әскерилерінің қолынан бір адам өлді
(last modified Wed, 22 Mar 2017 10:17:27 GMT )
Нау 22, 2017 16:17 Asia/Almaty
  • Түркияда Наурыз мерекесі кезінде елдің әскерилерінің қолынан бір адам өлді

Түркияның Диярбакыр қаласында Наурыз мерекесі кезінде сол елдің бір азаматы Түркия қауіпсіздік күштерінің оғынан өлді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр облысының халқы сейсенбі күні таңертең қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда рұқсат алып, Наурыз мерекесін өткізді. Бірақ мереке кезінде Түркияның қауіпсіздік күштері тарапынан бір адам оққа ұшты. Сол рәсімде адамдардың көбі Түркияның Конституциясына өзгерістер енгізуге қарсылық білдіріп, қолдарына "Жоқ!" деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты.