Ердоған: Түркия Еуропа одағына мүшелікке кіруге байланысты референдум өткізеді
(last modified Sun, 26 Mar 2017 09:19:23 GMT )
Нау 26, 2017 15:19 Asia/Almaty
  • Ердоған: Түркия Еуропа одағына мүшелікке кіруге байланысты референдум өткізеді

Түркия президенті елдің Еуропа одағына мүшелікке кіруіне байланысты келіссөздерді жалғастыру үшін референдум өткізу ықтималдығы жайлы хабарлады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеше сенбі күні кешке Анталияда өткен рәсім кезінде: "Анкара Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум өткізгеннен кейін ғана Түркияның Еуропа одағына мүшелікке кіруіне байланысты келіссөздерді жалғастыру туралы шешім қабылдайды",- деп мәлімдеді.

Ердоған Түркияның Еуропа одағына мүшелікке кіруі үшін ондаған жыл күткенін сынға алып: "Мұндай жағдайдың жалғасуы қабылданбайтын мәселе.

Кейбір Еуропа елдері өздерінің Анкараға қарсы дұшпандық ұстанымдарын доғарып, ал еуропалық саясаткерлер өздерінің қате әрекеттерін түсініп, бұрыс бағыттан қайтуы тиіс",- деп ескерту жасады.