Араб одағы дос пен дұшпан тұрғысында жаңылыспасын
(last modified Thu, 30 Mar 2017 16:40:59 GMT )
Нау 30, 2017 22:40 Asia/Almaty
  • Араб одағы дос пен дұшпан тұрғысында жаңылыспасын

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Араб Одағы басшылары отырысының қорытынды мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Араб одағы дос пен дұшпан тұрғысында жаңылыспай, ортақ дұшпан мен қауіп- қатерлер мәселесіне шоғырлансын.

Иран өзге елдердің ішкі істеріне араласуды қажет етпейтінін және әрдайым ізгі көршілестік, үкіметтердің билік құқығын құрметтеу және елдің Конститутциясы мен барлық халықаралық ережелерге сай даусыз қағида ретінде өзге елдердің ішкі өміріне араласпауға берік екендігін талай рет мәлімдеді» деді.

Ғасеми сондай- ақ Иранның үштік аралдары жөніндегі бос уәждің қайталануы туралы: «Бұл аралдар Иранға тиесілі және ирандық болып қалады. Бұл жөнінде жалған дау-дамайды қайталау тарихи шындықтарды өзгертпейді. Біз негізінен осындай уәждердің араб елдерінің түрлі отырыстарында талқылануын Иранның ішкі ісіне араласу санап, оны қатаң түрде айыптаймыз» деді.