Түркияда Фетхолла Гүленмен байланысы бар деген 47 мыңнан астам күдікті қамауда отыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25738-Түркияда_Фетхолла_Гүленмен_байланысы_бар_деген_47_мыңнан_астам_күдікті_қамауда_отыр
Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Фетхолла Гүленмен байланысы бар деген 47 мыңнан астам күдіктінің қамауда отырғанын мәлімдеп:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 03, 2017 22:05 Asia/Almaty
  • Түркияда Фетхолла Гүленмен байланысы бар деген 47 мыңнан астам күдікті қамауда отыр

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Фетхолла Гүленмен байланысы бар деген 47 мыңнан астам күдіктінің қамауда отырғанын мәлімдеп:

«Құрықталғандардың арасында әскерилер, судьялар мен прокурорлар және Түркияның жергілікті қайраткерлері бар» деді. Оның айтуынша, Түркиядағы 2016 жылдың шілде айындағы әскери төңкерістен кейін шамамен 113260 адам құрықталған. Анкара Гүлен мен оның жақтастарын осы әскери төңкеріске қатысы бар деп айыптап отыр, бірақ ол Түркия үкіметінің осы уәжін теріске шығаруда.