Рухани Асадпен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың Сирияға жасаған шабуылын айыптады
ИИР президенті АҚШ-тың тәуелсіз Сирия еліне жасаған шабуылын халықаралық ережелер мен БҰҰ-ның жарғысын бұзу деп атап, оны тағы да айыптады.
ИИР президенті Хасан Рухани Сирия президенті Башар Асадпен телефон арқылы сұхбатта Иран халқының лаңкестікпен күресте және Сирияның жер тұтастығын сақтауда бұрынғысынша осы ел халқының жанынан табылатынын қуаттады.
Рухани Американың өткен жұма күні таңертең жасаған зымырандық шабуылынан Сирияның бейкүнә халқының өлтірілуіне өкініш білдіріп, Американың зымырандық шабуылынан құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп, жараланғандарға денсаулық тілеп, Американың зымырандық шабуылы Сирия елінің мүддесіне қарсы әрекет. Сол себепті әлемдегі барлық азат елдерден осындай шабуылдарды ашық түрде айыптау күтіледі» деді.
Сирия президенті Башар Асад та телефон арқылы орнаған сұхбатта Иран ислам республикасының Сирияны қолдауына алғыс айтып: «Лаңкестердің жуықтағы ойсырай жеңіліс табуы мен олардың ыдырауынан кейін жасалған Американың зымырандық шабуылы осы топтарды рухтандыру және Сирия халқы мен армиясын әлсірету жолында жасалған талпыныс болды» деп мәлімдеді.