Башар Джафари: Химиялық заттар Түркия арқылы лаңкестерге жөнелтіледі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i26040-Башар_Джафари_Химиялық_заттар_Түркия_арқылы_лаңкестерге_жөнелтіледі
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Дамасктың БҰҰ-на 90-нан астам хат жазып жібергенін және онда лаңкестердің химиялық қаруларды қолданғаны туралы дәйекті деректердің келтірілгенін айтып: «Химиялық заттар, соның ішінде зарин газы Түркия арқылы лаңкестерге жөнелтіледі»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 13, 2017 17:02 Asia/Almaty
  • Башар Джафари: Химиялық заттар Түркия арқылы лаңкестерге жөнелтіледі

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Дамасктың БҰҰ-на 90-нан астам хат жазып жібергенін және онда лаңкестердің химиялық қаруларды қолданғаны туралы дәйекті деректердің келтірілгенін айтып: «Химиялық заттар, соның ішінде зарин газы Түркия арқылы лаңкестерге жөнелтіледі»,-деді.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Башар Джафари сәрсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы Хан-Шейхун күмәнді оқиғасын зерттеуге арналған отырысында АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға қарсы шындыққа жанаспайтын жауластық позиция ұстанғанын сынап: «Осы үш ел бастаған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция ДАИШ пен ән-Носрат қозғалысына қолдау көрсету мақсатында Сирияға шабуыл жасайды»,-деді.