Сионистік режимнің абақтыларында палестиналық тұтқындар жаппай аштық жариялады
Сәу 17, 2017 15:38 Asia/Almaty
Сионистік режимнің абақтыларындағы 700-ден астам палестиналық тұтқын сәуір айының он жетісі, яғни палестиналық тұтқындар күні осы режимнің қатыгез әрекеттері мен қылмыстарына наразылық білдіру үшін жаппай аштық жариялады.
Сионистік режим абақтыларының басшылығы палестиналық тұтқындардың аштық жариялау әрекетіне реакция білдіріп, аштық жариялағандарға қатаң жазалау шараларын іске асыратындықтарын мәлімдеді.
Палестина СІМ палестиналық тұтқындардың жанайқайын әлемге естірту үшін осы елдің барлық елшіліктерінен басқа елдерде сионистік режимге қарсы шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін қажет жағдайларды әзірлеуді сұрады.
Тегтер