Түркиядағы референдумның нәтижелері белгілі болды
Түркияның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның дауысын санау аяқталды. Бейресми нәтижерлерге сәйкес, Түркия халқының 51,3 пайызы осы референдумға оң дауыс берген.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі тарапынан жарияланған нәтижелерге сәйкес, жексенбі күні өткен референдумда парламенттік билік жүйесінен президенттік жүйеге өту туралы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысына халықтың 48,7 пайызы қарсылық білдірген.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдумда халықтың басым бөлігінің оң дауыс бергенін мәлімдеп: "Бұл референдум кезінде халық өзінің ұлттық және демократиялық ерік-жігерін қорғады",- деп баса айтты.
Референдумға жасы 18-ден асқан 56 миллион 588 мың 505 адамның дауыс беру құқығы болған. Соның ішінде 167 140 адам қатысты.