Израильдің Сирияға шабуылы сионистік режимнің лаңкестерді тікелей қолдайтынын көрсетеді
Сирия Қорғаныс министрі жұма күні кешкіе өз сөзінде: "Сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылы лаңкестерге қолдау мен қамқорлық көрсету мақсатында жасалуда",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның Қорғаныс министрі сионистік режимнің жұма күні кешке Сирияның оңтүстігінде орналасқан Кунейтра облысындағы Хан-Арнаба қалашығының маңындағы Сирия әскерінің позицияларына жасаған шабуылына сілтеме жасап: "Бұл шабуыл лаңкестік топтар Кунтейра маңайындағы әскери базаларына ықпал етуде жеңіліске ұшырағаннан кейін жасалынып, сионистік режимнің лаңкестік топтарды тікелей қолдайтынын тағы да дәлелдеді",- деді.
Сирия Қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемесінде Израильдің үмітсіз талпыныстарының Сирия қарулы күштерінің күресі мен сионистік режимнің аймақтағы оң қолы саналатын лаңкестік топтардың көзін жоюды жалғастырудың алдын ала алмайтынын баса айтты.
Сирия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, сионистік режимнің әуе күштері жұма күні кешкі уақытта басып алынған жерлерден Хан-Арнаба қалашыңы маңындағы Сирия әскері базаларының біріне екі зымыран атқан. Шабуыл салдарынан тек материалдық шығын келді.