Иран ДАИШ-тың Мосул қаласындағы бір мектепке миномет снарядымен шабуыл жасауын айыптады
Maм 06, 2017 15:20 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ДАИШ лаңкестерінің Ирактың солтүстігінде орналасқан Мосул қаласының батысындағы бір мектепке миномет снарядымен шабуыл жасауын айыптады. Шабуыл салдарынан мектепті паналаған бірнеше әйел мен бала қаза тауып, жараланды.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ирак үкіметі мен халқына және Мосулдағы осы қорқынышты қылмыста қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып: «Лаңкестікті қолдаушылардың аймақ пен Иракта армия мен халықтық күштердің Мосулды толық азат ету мақсатындағы күресін төзгісіз қылып, кедергі жасауы осындай адамзатқа қарсы қылмыстардың жалғасуына себеп болғанымен, Иракта лаңкестікті жоюға аз-ақ қалды. Осы елдің үкіметі мен халқы жақын болашақта өз жеріндегі лаңкестерді толығымен жояды»,-деді.
ДАИШ лаңкестік тобы сейсенбі күні Мосул қаласының солтүстігіндегі әл-Мохандесин ауданындағы бастауыш мектепті миномет снарядымен атқылады. Соның салдарынан Ирактың 6 бейбіт тұрғыны қаза тауып, 5 адам жараланды. Қаза болғандардың үшеуі – мектеп оқушылары.
Тегтер