Аятолла шейх Иса Ғасемге үкім шығару ісі тағы кейінге қалдырылды
(last modified Sun, 07 May 2017 18:11:23 GMT )
Maм 08, 2017 00:11 Asia/Almaty
  • Аятолла шейх Иса Ғасемге үкім шығару ісі тағы кейінге қалдырылды

Бахрейн сот мекемесі жексенбі күні осымен бірнеше рет бахрейндің мәртебелі рухани қайраткер шейх Иса Ғасемге қарсы үкім шығаруды кейінге қалдырды.

Бахрейн сот мекемесінің төртінші филиалы өзінің жексенбі күнгі мәжілісінде: «Шейх Иса Ғасем туралы үкім шығару мамыр айының 21 күніне қалдырылды» деп мәлімдеді. Осы үкім 7 мамырда жариялануы тиіс болған. Халифе әулеті режимі бұдан бұрын шейх Иса Ғасемның азаматтығының күшін жойған. Бахрейн режимі сондай- ақ, 2017 жылы 14 наурызда да шейх Иса Ғасемге ақша жылыстыру деген негізсіз айыпен үкім шығарғанымен, бахрейндіктердің өз жетекшісіне қолдау көрсетуі және осы елдің қоғамдық пікірінің қысымының нәтижесінде сот кері шегінуге мәжбүр болып, соттау ісін кейінге қалдырды.