Израильдік әскерилер палестиналық бір қызды шәһид етті
Сионистік режимнің әскерилері Палестинаға қарсы қылмыстарының жалғасында Бейт әл-Мұқаддастағы бір палестиналық қызға оқ жаудырып, шәһид етті.
Палестиналық Maa News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері палестиналық қызға кеше жексенбі күні кешке Бейт әл-Мұқаддастағы Баб әл-Амуд аймағында оқ атып, шәһид етті.
Сонымен қатар, израильдік әскерилер жексенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әртүрлі аймақтарға шабуыл жасап, жеті палестиналықты құрықтаған.
Сионистік қалашықтардың тұрғындары да Иордан өзенінің батыс жағалуындағы Халил қаласының көне бөлігін мекен ететін палестиналық тұрғындарға шабуыл жасаған.
2015 жылдың қазан айының басынан басталған Құдс интифазасынан осы уақытқа дейін шамамен 300-ге жуық палестиналық израильдік әскерилердің қолынан қаза болған.