Рияд – лаңкестіктің ошағы
(last modified Wed, 24 May 2017 00:51:46 GMT )
Maм 24, 2017 06:51 Asia/Almaty
  • Рияд – лаңкестіктің ошағы

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ президентінің Арабстанға сапарына тоқталып, Риядты лаңкестіктің ошағы деп атады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен кейбір исламдық араб елдері басшыларының  лаңкестікпен күрес туралы ортақ отырысы жексенбі күні Арабстан астанасы Рияд қаласында өтті.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Мәжілістің ашық отырысында Риядта өткен саммит туралы: "Саудиялықтар мен америкалықтар өздері тарих бойында түрлі лаңкестік ағымдарды құруда маңызды рөл атқарған жағдайда лаңкестікпен күрес туралы уәж айтуда" деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы америкалық басшылардың жуырда қыркүйек айының он бірі күнгі оқиға мен ондағы саудиялық жоғары лауазымды тұлғалардың рөлі туралы жариялаған есебіне тоқталып: "ДАИШ, ән-Носрат пен басқа лаңкестік топтардың саудиялықтар мен аймақтағы кейбір шағын елдердің қолдауымен құрылғанында еш күмән жоқ" деді.

Лариджани Сауд әулеті режимінің Израильге қарсы ешбір шайқаста жанкештілік жасап, қаржы жұмсамағанын баяндап: "Бұл  сионистік режиммен күресуге бар күшін салған екі қарсыласу тобы, яғни, Хезболла мен ХАМАС-ты лаңкестік топтар деп атаған исламдық елдің масқараға ұшырауына себеп болды" деді.