Халифе әулетінің қарулы күштері Бахрейннің Дираз аймағына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27342
Халифе әулетінің қарулы күштері Бахрейннің Дираз аймағында осы елдің жоғарғы діни басшысы шейх Иса Қасемның жақтастарына шабуыл жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 24, 2017 08:06 Asia/Almaty
  • Халифе әулетінің қарулы күштері Бахрейннің Дираз аймағына шабуыл жасады

Халифе әулетінің қарулы күштері Бахрейннің Дираз аймағында осы елдің жоғарғы діни басшысы шейх Иса Қасемның жақтастарына шабуыл жасады.

Бұл шабуылда кем дегенде бір адам шәһид болып, 100 адам жараланды. Жараланғандардың жағдайы ауыр деп жарияланды. Бахрейннің қауіпсіздік күштері мен Манаманың батысындағы Дираз ааймағындағы наразылар арасындағы қақтығыстар бұл елдің басқа аймақтары мен қалаларына қарай өрістеді. Осы уақытқа дейін ондаған адам құрықталды. Йеменнің Ансароола қозғалысы Халифе әулетіне осындай қатыгез шабуылға жауап берілетінін ескертті. Бахрейн соты 80 жастағы аятолла Иса Қасемнің мүлкін тәркілеу  және бір жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Бахрейн 7 жылдан бері халықтың Халифе әулетіне қарсы көтерілісіне куә болып келеді.