Зариф әскерилердің шейх Иса Қасемнің үйіне баса-көктеп кіруіне реакция білдірді
Maм 24, 2017 14:47 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Халифе режимі әскерилерінің халыққа шабуыл жасап, Бахрейн шиіттерінің жоғары діни тұлғасы шейх Иса Қасемнің үйіне баса-көктеп кіруін айыптады.
ИСНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні «Твиттердегі» парақшасында: «АҚШ Президентінің Риядта диктаторлармен кездесуінің бірінші салдары Бахрейн халқының бейбіт шеруіне шабуылдың жасалуы болды»,- деп жазды.
Сонымен қатар Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми де Халифе режимінің қауіпсіздік күштерінің наразылық білдірушілерге шабуыл жасап, Манаманың Дираз аймағындағы шейх Иса Қасемнің үйіне басып кіруін бұл режимнің алдын ала есептелген қателігі деп атап: «Басып-жаншуды күшейту мен Бахрейн халқына қарсы тайпалық және мазхабтық ұстанымдарды қолдану бұл елдің дағдарысын шешпейді. Керісінше, наразылықтардың бейбіт үдерісін өзгертеді»,- деп баса айтты.
Халифе күштері сейсенбі күні шейх Иса Қасем өмір сүретін Дираз аймағында бірнеше рет шабуыл жасады. Бұл жерде жүздеген адам қоршауға түсті. Тұрғындардың қарсыласуына қарамастан Халифе режимінің күштері діни тұлғаның үйінің есігін сындырды. Қақтығыстарда 5 адам өліп, 100 адам жарақат алып, 280-нен астам адам қамауға алынды.
Тегтер