Бахрейн басшылары шейх Иса Ғасемге қарсы әрекеттерін доғаруы тиіс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27388
Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Жәннати Бахрейн режиміне осы елдің дінбасы шейх Иса Ғасемге қарсы кез-келген шараға қатысты ескерту жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2017 17:46 Asia/Almaty
  • Бахрейн басшылары шейх Иса Ғасемге қарсы әрекеттерін доғаруы тиіс

Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Жәннати Бахрейн режиміне осы елдің дінбасы шейх Иса Ғасемге қарсы кез-келген шараға қатысты ескерту жасады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эксперттер кеңесінің басшысы Ахмад Жәннати сәрсенбі күні кеңес басшылығының отырысында Бахрейн қауіпсіздік күштерінің осы елдің дінбасы шейх Иса Ғасемнің үйіне жасаған шабуылын айыптап: «Шейх Иса Ғасемнің айыбы ақиқаттың айқындалып, әділеттің орнауына талпыныс жасауы болып отыр»,-деді.

Аятолла Жәннати Бахрейн халқының бір күні өз еліндегі жеңістің куәсі болатындығына  үміт білдірді.

Эксперттер кеңесінің басшысы Сауд әулетінің қылмыстарына тоқталып: «Сауд Арабиясы бұрынғыдай жапа шеккен халыққа зорлық-зомбылық көрсетеді. Бірақ соңынд бұл геноцид өзінің етегін де шалатын болады»,-деді.