Рияд отырысы масқарашылық болды
Сейед Хасан Насролла Ливанның сионистік режим алдындағы жеңісінің жетінші жылдығына арналған сөзінде: «Рияд отырысы масқарашылық болды. Сауд режимі лаңкестікті қолдауы туралы айыптардан құтылу үшін АҚШ-қа пара берді»,- деді.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Риядта орын алған америкалық-араб отырысына тоқталып: «Бұл отырыс исламдық қарсыласу жұмыстарына еш әсерін тигізбейді. Исламдық қарсыласу лаңкестікке қарсы күреске табанды әрі барлық халықтар өздерінің талап-тілектеріне жеткенше өз жолынан бас тартпайды. Рияд отырысында тек Дональд Трамптың үкіметін ұлықтады. АҚШ пен саудиялық ақпарат құралдары ғана бұл отырыс туралы кең ақпарат таратты. Иран – ДАИШ лаңкестік тобы Ирак пен Сирияға шабуыл жасаған кезде бұл елдерге көмекке келген жалғыз мемлекет. Ал Сауд Арабиясы керісінше лаңкестерге ақша жіберді»,- деді.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы сондай-ақ Бахрейннің жағдайына тоқталып: «Бахрейн халқын қырып-жою мен қамауға алу – Рияд отырысы мен АҚШ Президентінің аймақ сапары салдарларының бірі»,- деп қуаттады.