Бахрейн бұл елдің халқы үшін үлкен зынданға айналды
(last modified Sat, 27 May 2017 08:40:38 GMT )
Maм 27, 2017 14:40 Asia/Almaty
  • Бахрейн бұл елдің халқы үшін үлкен зынданға айналды

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Хатами Бахрейн қауіпсіздік күштерінің бұл елдің жоғары діни тұлғасы шейх Иса Ғасемнің үйіне шабуыл жасағанын айыптап: "Халифе әулеті режимі басып-жаныштау, тұтқындау және әртүрлі қылмыстар жасау арқылы Бахрейнді бұл елдің халқы үшін үлкен зынданға айналдырды"-деп мәлімдеді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы жасап жатқан қатыгездіктеріне тоқталып: "Халифе әулетінің қылмыстары АҚШ және Сауд Арабиясының демеуімен жүзеге асып отыр",- деді.

Аятолла Хатами Бахрейн қауіпсіздік күштерінің шейх Иса Ғасемнің үйіне шабуыл жасауын пәк мохаммадтық ислам дінімен күресу үшін сылтау деп атап: "Бахрейн билеушілері – америкалық исламның көрінісі.

Бахрейн халқының Халифе әулетімен қарсыласуы арқылы бұл режим тарихтың қоқыс жәшігіне қосылады",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясына сапары мен Риядқа миллиардтаған доллар көлеміндегі қару-жарақ сатуына сілтеме жасап: "Егер Сауд әулеті режимі тарапынан қателік жасалатын болса, бұл режим ИРИ тарапынан қатты жауап алады",- деді.