Бахрейн халқы ауқымды шеру өткізді
(last modified Sun, 28 May 2017 14:16:32 GMT )
Maм 28, 2017 20:16 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқы ауқымды шеру өткізді

Бахрейн халқы осы ел үлемдерінің шақыруына жауап ретінде шеру өткізіп, перзенттерінің қаны үшін Халифе әулеті режимінен кек алу қажеттігін қуаттады.

«Каране» және «Бури» қалашықтарының тұрғындары шеру өткізіп, АҚШ пен аймақтық  елдердің келісімімен және халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі аясында Халифе әулеті режимінің қолынан қаза болғандардың кегін алуға белді бекем буып отырғандарын қуаттады. 

Шерушілер, сонымен қатар,  қоршауға алынған «әд-Дераз» ауданының тұрғындарына тілеулестік білдіріп, осы ауданда қаза болғандарға жақтастықтарын жариялады.

«Әд-Дераз» ауданының тұрғындары да Халифе әулеті режимі тарапынан туыстарының қатысуынсыз жасырын түрде жерленген 5 адамның символды түрдегі жаназасын шығару рәсіміне қатысты.

Осыған ұқсас шерулер Бахрейіннің әртүрлі аудандарында өтті. Шерушілер осы елдің жоғары діни қайраткері шейх Иса Ғасемды қолдап, ұрандар айтты.

Бахрейн 2011 жылдан бері халықтық наразылықтармен бетпе-бет келіп отыр.