Бахрейн режимі шейх Иса Ғасемді жер аударуға талпыныс жасауда
Бахрейннің діни тұлғасы шейх Иса Ғасемнің Ирандағы өкілі Халифе әулеті режимінің шейх Иса Ғасемді Түркияға немесе Біріккен Араб әмірлігіне жер аударуды көздеп отырғаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Бахрейн шиіттерінің жоғары діни қайраткері шейх Иса Ғасемнің Ирандағы өкілі шейх Абдулла әд-Деқақ жексенбі күні: "Ирак үкіметі Бахрейн үкіметінің шейх Иса Ғасемді Наджафқа жер аудару туралы өтінішіне қарсылық білдіргеннен кейін Бахрейн үкіметі ол кісіні Түркияға немесе Біріккен Араб әмірлігіне жер аударуды көздеп отыр.
Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Бахрейннің шейх Иса Ғасемді Наджафқа жер аудару туралы өтінішіне қарсылық білдірді. Ливанның "Хезболла" партиясының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла да бұл хабарды растады",- деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Бахрейн шиіттерінің көрнекті діни тұлғасы шейх Иса Ғасемнің Ирандағы өкілі шейх Иса Ғасемнің өз елінде қалу керектігіне тоқталып, ол кісінің басқа елге жер аударуына қарсылық білдірді.