«Palestine Today» арнасының бюросына жасалған шабуыл айыпталды
Нау 14, 2016 22:15 Asia/Almaty
Исламдық телерадиолар бірлестігі сионистік басқыншы күштердің «Palestine Today» арнасының бюросына жасаған шабуылын айыптады.
Бір топ палестиналық тілшілер мен журналистер Газада жиын өткізіп, «Palestine Today» арнасына үн қосып, батыс жағалауда «Palestine Today» арнасы бюросының жабылуын айыптады.
Тілшілер «Palestine Today» арнасына шапқыншылық жасаудың басқыншылардың осы режимнің қылмыстарын әшкерелейтін барлық ақпарат құралдарын басып-жаншу үшін жаңа талпынысы болып табылатындығын қуаттады.
Сионистік режимнің әскерилері жұма күні таңертең «Palestine Today» спутниктік арнасының батыс жағалаудағы бюросын жауып тастап, осы арнаның төрағасы мен мүшелерін құрықтады.
Тегтер