Ваххабизмді Сауд Арабиясы басқарады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27630
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек әл-Хоуси ваххабизмді басқарып отырған және оны басқа елдерге таратып жатқан мемлекетті Сауд Арабиясы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 01, 2017 15:59 Asia/Almaty
  • Ваххабизмді Сауд Арабиясы басқарады

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек әл-Хоуси ваххабизмді басқарып отырған және оны басқа елдерге таратып жатқан мемлекетті Сауд Арабиясы деп атады.

Лаңкестерді әлемнің түрлі аймақтарына жөнелтетін ваххабистік идеология Пәкістан, Ауғанстан мен Азияның батысындағы бейберекеттіктерден бастап, бүгінде Еуропаның әртүрлі қалаларында, соның ішінде Ұлыбританияның Манчестер қаласында жуырда орын алған шабуылдардың факторы болып отыр.

Fars ақпарат агенттігінің йемендік «Al Masirah» телеарнасының сайтына  сілтеме жасап хабарлауынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек әл-Хоуси сәрсенбі күні кешке қасиетті Рамазан айына байланысты сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясы мен АҚШ арасында мықты байланыс бар. АҚШ Президенті Дональд Трамптың эр-Риядқа сапары –  осы сөзіміздің дәлелі.

Сауд Арабиясы АҚШ-қа бағыныштылығын ашық түрде айтты. Йемен халқы АҚШ-қа бағынышты елге мойынұсынбайды.

Бұл бағыныштылық ислам үмбеті үшін ауыр салдарларға ие болып, мұсылмандардың өмірлік бағдарлама және жетекшілік кітабы Құран Кәрімнен қол үзіп қалуына себеп болады»,-деді.