Сауд Арабиясы ваххабизмді таратуда ерекше рөлге ие
(last modified Fri, 02 Jun 2017 11:36:56 GMT )
Маусым 02, 2017 17:36 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы ваххабизмді таратуда ерекше рөлге ие

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек әл-Хоуси: "Ваххабизмді басқарып және оны басқа елдерге таратып жатқан мемлекет – Сауд Арабиясы",-деп мәлімдеді.

Лаңкестерді әлемнің түрлі аймақтарына жөнелтетін ваххабистік идеология – Пәкістан, Ауғанстан мен Азияның батысындағы, сондай-ақ, Еуропаның әртүрлі қалаларындағы бейберекеттіктердің түп тамыры.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек әл-Хоуси сәрсенбі күні кешке Қасиетті Рамазан айына орай сөйлеген сөзінде: "Cауд Арабиясы мен АҚШ арасында мықты байланыс бар. АҚШ Президенті Дональд Трамптың эр-Риядқа сапары –  осы сөзіміздің дәлелі",-деп баса айтты.

Сауд Арабиясының басшылары өздері әлемде лаңкестік ойларды тәрбиелейтін ең үлкен демеуші болып отырған жағдайда америкалықтарға қосылып, лаңкестікпен күрес жайлы уәж айтты. Сауд Арабиясының елдің іші мен сыртында жасап жатқан әрекеттеріне шолу жасағанда аймақ пен әлемдегі лаңкестердің көбінің саудиялық екенін немесе Сауд Арабиясының ваххабилік идеологиясының ықпалында жүргенін және Сауд әулеті тарапынан қаржылай және қару-жарақтық қолдауға ие екенін көреміз.

Осындай жағдайда Вашингтон да эр-Риядпен әріптесетін болғандықтан, өз мүддесін қорғау саясаттары аясында және лаңкестік топтардың әрекеттерін өзінің іріткі салушы мақсаттары жолында көбірек пайдалану үшін Сауд Арабиясының лаңкестік шабуылдардағы рөлін бүркемелеп отыр.

Көптеген тәкфирлік-лаңкестік топтардың идеологиялық бастауы діннен алшақтаған ваххабизмнің экстремистік ойларында жатыр. Бұл ауытқыған ойлар лаңкестік ағымдардың қалыптасуында, Сауд әулетінің аймақ пен әлем елдерінің ішкі ісіне араласуы мен іріткі салу әрекеттерінде маңызды рөл атқарады. 

Ислам әлемінде ағымдық және мазхабтық қақтығыстарды тарату және үрей толқынын тудыру ваххабистердің ислам елдерінің арасын алшақтату мақсатында тәкфирлік-лаңкестік топтарды құрудағы басты стимулы болды.

Ваххабистік экстремистер тәкфирлік тәсілмен азамат соғысын тудыруға талпынумен қоса, өзінің бұрмаланған ойынан басқа барлық исламдық мазхабтар мен ағымдармен күресіп, басқа топтарды жалған, тіпті кәпір деп санайды. Анық нәрсе мынада: ваххабизм пайда болғаннан бері ислам әлеміндегі қиындықтардың басты факторы болып отырған бұл бұрмаланған идеология Сауд Арабиясынан бастау алатын рәсімдерді өзге елдерге таратуға баса назар аударып отыр.

Шын мәнінде отаршылдар ваххабизмді ислам дінін қаралау үшін қалыптастырды. Отаршылдар жабайы лаңкестік ваххабизмді адамзат баласы үшін бейбітшілік, адамгершілік пен ізгілік жолдауын әкелген шынайы исламның орнына қоюға бар күштерін салды. Әлем бойынша қатігездік, экстремизм мен бейберекеттіктің күшеюі саудиялықтардың АҚШ-тың қолдаулары аясында ваххабистік идеологияны тарату саясатынан туындап отыр. Ваххабистік идеологияның өнімі, яғни ДАИШ сияқты тәкфирлік-лаңкестік топтар өздеріне шек пен шекара қоймай, Еуропа, Азия, Африка, тіпті Америкадағы елдердің әртүрлі қалаларына қауіп төндіреді.

Шын мәнінде, ваххабизм өзіне шектеу қоймайтындықтан, бұл бұрмаланған ойлардың салдары оны тудырғандар мен қолдау көрсеткендердің өздерін де шалады. Сауд Арабиясының тәкфирлік-лаңкестік топтарды құрып, таратудағы және осындай бұрмаланған және қатігез ағымдарды идеологиялық тұрғыдан қоректендірудегі рөлі Батыс елдері, әсіресе халықаралық сахнада терроризмді тудырушы және қолдаушы болып саналатын АҚШ тарапынан кей-кейде мойындалатын шындық болып отыр. Қазіргі таңда Сауд режимінің ваххабистік идеологияны тудырып, лаңкестікті  әлемнің әртүрлі аймақтарына – Ауғанстаннан бастап Америкаға дейін таратудағы негізгі рөлі ешкімге жасырын емес. Сирия, Ирак, Йемен, АҚШ пен еуропалық елдерде ұсталған жүздеген саудиялық лаңкес осы сөздің дәлелі бола алады.