Палестиналық тілшілер «Palestine Today» арнасын қолдап Газада бас қосты
Бір топ палестиналық тілшілер мен журналистер Газада басқосу өткізіп, «Palestine Today» арнасына үн қосатындықтарын мәлімдеді.
«Almayadeen» телеарнасының хабарлауынша, палестиналық тілшілер мен журналистер Газа секторында Хан Юнес қаласында жиын өткізіп, басқыншы әскерилердің «Palestine Today» арнасының бюросын жабу әрекетіне наразылық танытты.
Осы тілшілер ««Palestine Today» арнасына қол сұғушылық осы осы режимнің қылмыстарын әшкерелейтін барлық ақпарат құралдарын басып- жаншу үшін жаңа талпынысы болып табылады» деп қуаттады.
Палестиналық тілшілер басқыншылардың «Palestine Today» арнасының бюросына баса-көктеп кіріп, оның үш тілшісін құрықтауды Құдс интифазасын тоқтату талпынысы деп атады.
Сионистік режимнің әскерилері жұма күні таңертең «Palestine Today» спутниктік арнасының батыс жағалаудағы бюросын жауып тастап, осы арнаның төрағасы мен мүшелерін құрықтады.