АҚШ – Йеменді басып алушы елдердің арасындағы көшбасшы
(last modified Mon, 05 Jun 2017 09:05:49 GMT )
Маусым 05, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • АҚШ – Йеменді басып алушы елдердің арасындағы көшбасшы

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы АҚШ-тың Йеменді басып алушы елдердің арасындағы көшбасшы екендігін қуаттап: «Бұл басқыншылар – АҚШ-тың одақтастары. Басқыншылықты Сауд Арабиясы мен БАӘ жүзеге асырып отыр»,-деді.

Йеменнің «al-Masirah» телеарнасының хабарлауы бойынша,  Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Адулмалек Бадреддин әл-Хоуси жексенбі күні кешке Санада сөйлеген сөзінде басқыншылардың Йеменнің барлық облыстарында қылмыс жасағанын айтып, бүкіл йемендік топтардың басқыншылармен күресу қажеттігін қуаттады.

Бадреддин әл-Хоуси дұшпанға қарсы отандық шептің бірігіп, нығаюы қажеттігін айтып: «Басқыншылар Йемендегі қиындықтарды теріс пайдалануға күш салғанымен, ешқашан нәтижеге қол жеткізбеді»,-деді.

Бадреддин әл-Хоуси, сондай-ақ, сионистік режимнің басқыншылардың Йеменге шабуылынан Сауд әулетімен ортақ мүдделерге ие екендігіне тоқталып, БҰҰ-ның да басқыншыларға жақтасып отырғанын қуаттады.