Кувейт Әмірі бірнеше сағат Сауд Арабиясының Королімен пікір алмасты
Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабах сейсенбі күні Джиддаға барып, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдолазизбен Рияд пен кейбір араб мемлекеттерінің Қатармен арадағы саяси және дипломатиялық дағдарысы туралы пікір алмасты.
«Рейтерс» агенттігінің мәліметі бойынша, шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабах Сауд Арабиясы басшыларымен кейбір араб мемлекеттері мен Қатар арасындағы дағдарыс туралы пікір алмасу үшін Джиддаға жасаған бірнеше сағаттық сапарынан кейін Кувейтке оралды. Кувейт Әмірінің Сауд Арабиясы басшыларымен кездесуінің егжей-тегжейі туралы мәлімет жарияланған жоқ.
«Sky News» арнасы бүгін сәрсенбі күні таңертең: «Саудиялық басшылар Кувейт Әмірімен кездесуде Қатармен арадағы қарым-қатынастарды қайтадан бастау үшін 10 шарт ұсынды»,- деп хабарлады. Бірақ бұл мәліметті хабардар көздер теріске шығарды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы баспасөз отырысында «Біздің барлық серіктестеріміз Таяу Шығыс аймағындағы қайшылықтарды азайту үшін ынтымақтастық жасауы керек. АҚШ Қатардағы әскерилері туралы ұстанымын өзгертпейді»,- деді.