Сирия АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы коалициясының жалған әрекетіне реакция білдірді
(last modified Fri, 09 Jun 2017 11:39:34 GMT )
Маусым 09, 2017 17:39 Asia/Almaty
  • Сирия АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы коалициясының жалған әрекетіне реакция білдірді

Сирия СІМ АҚШ басшылық ететін "ДАИШ-пен күрес" деп аталатын коалицияның Сирия халқы мен әскерін нысанаға алған әрекеттерінің жалғасуына реакция білдіріп: "Олардың шабуылдары ДАИШ лаңкестік тобын күшейтуден басқа еш нәтиже берген жоқ",- деді.

Сирия СІМ өз мәлімдемесінде: "Басшысы АҚШ болып табылатын  «ДАИШ-пен күрес» атты коалицияның қылмыстары осы ел мен коалицияға мүше басқа елдер әрекеттерінің әлемдік қауымдастықтың, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің пікірін бұрмалау мақсатын көздейтіндігінің айқын дәлелі болып табылады. АҚШ Сирияға қатысты халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзып жатқан коалицияға жетекшілік етіп отыр. Бұл қарарлар Сирияның территориялық тұтастығын құрметтеу қажеттігін қуаттайды".

АҚШ басшылығындағы коалицияның қырғи ұшақтары жуырда Сирияның солтүстік бөлігіндегі Ракка қаласының тұрғын аймақтарын бомбалады. Шабуылдардың құрбандары көбінесе әскери емес бейбіт тұрғындар болды. Бұл Америка басқарып отырған лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның жуырда Сирияның Хомс облысының шығысында орналасқан әл-Танаф аймағында Сирия әскеріне қарсы шабуылдар жасаған жағдайда орын алып отыр. Шабуылдар Сирия үкіметі мен адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың наразылығын тудырды. Сирия дағдарысы Сирия президенті Башар Асадтың заңды үкіметін биліктен тайдыру мақсатында 2011 жылдан бастап Сауд Арабиясы, АҚШ пен оның одақтастарының қолдап отырған лаңкестік топтардың жаппай шабуылдарымен басталды. Бұл Сирияның соңғы жылдары лаңкестердің демеушісі Батыс мемлекеттерінің әскери араласушылық әрекеттеріне тап болған жағдайда орын алды. Осы аяда АҚШ басқарып отырған лаңкестікке қарсы коалицияның Сирия халқы мен мемлекеттік күштеріне қарсы шабуылдар үдерісі соңғы айларда, әсіресе АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың билік басына келгеннен кейін күшейе түсті. Бұл мәселе америкалық басшылардың Сирияның егемендігін бұзуда табандылық танытып, АҚШ пен одақтастарының лаңкестікпен күрес жайлы уәждерінің бос әрі пайдасыз екенін көрсетеді.

Сириядағы лаңкестікке қарсы америкалық коалицияның әрекеттерінің мақсаты осы елді әлсіретіп, оның инфрақұрылымдарын толығымен қирату және олардың лаңкестерге қарсы күресінің алдын алу мақсатында Ирак халқының арасында үрей тудыру ғана болды.

Сирия халқы мен мемлекеттік күштерін нысанаға алудың күшеюі бұл елдегі лаңкестердің үсті-үстіне жеңіліске ұшырап, жойылуға жақын тұрған сәтте орын ала бастады. АҚШ басшылары лаңкестердің ақырғы жеңілісінің алдын алу үшін оларға көмекке келіп, Сирияда әскери әрекеттер жасағанын айту керек.

Қалай болғанда да, АҚШ-тың әрекеттері мен жоспарларының нәтижесі тек әртүрлі аймақтардағы лаңкестердің пайдасын көздеп, оларды күшейтуді мақсат етті. Бұл жағдайдың жалғасуы америкалықтардың өздері мен олардың жалдамалылары әрекет еткен аймақта, әсіресе Сириядағы дағдарыс үшін апатты аспектілерге толы болмақ. Бірақ айта кететін жайт, БҰҰ-ның рұқсатынсыз іске асып отырған Сириядағы лаңкестікке қарсы коалиция шеңберіндегі АҚШ-тың әскери және араласушылық әрекеттері бәрінен бұрын қоғамдық пікірдің назарын АҚШ-тың халықаралық сахнадағы еркін әрекеттеріне аударды.

АҚШ басшыларының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз Сирия жерінде ДАИШ-ке қарсы коалиция құрудағы бастамасы әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін шынайы қатер төндірді. АҚШ-тың Сирияға қарсы саясаттары бұл елдің дағдарысы үшін саяси шешім жолын табуға көмектесу мақсаты мен Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттайтын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған қарарларына қарсы келеді.