Аймақ дағдарыстарын Ирансыз шешу мүмкін емес
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28112-Аймақ_дағдарыстарын_Ирансыз_шешу_мүмкін_емес
Түркия президенті Иран Ислам Республикасын Таяу Шығыс аймағындағы маңызды әрі ықпалды мемлекет деп атап: "Аймақ дағдарыстарын Иранның қатысуынсыз шешу мүмкін емес",- деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 17, 2017 16:40 Asia/Almaty
  • Аймақ дағдарыстарын Ирансыз шешу мүмкін емес

Түркия президенті Иран Ислам Республикасын Таяу Шығыс аймағындағы маңызды әрі ықпалды мемлекет деп атап: "Аймақ дағдарыстарын Иранның қатысуынсыз шешу мүмкін емес",- деп қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні португалиялық RTP арнасына берген сұхбатында "Аймақтағы Ирак және Сирия дағдарыстарын Ирансыз шеше аласыздар ма?" деген сауал қойып: "Иранның қатысуынсыз бұл дағдарыстарды шешудің мүмкін еместігі белгілі. Себебі, Иранның аймақ дағдарыстарын шешуге қатысуының пайдасы көп. Иранның қатысуымен Сирия мен Ирак дағдарыстары шешіледі",- деді.

Түркия президенті Түркия мен Иран арасындағы дау-дамайларға сілтеме жасап, Теһран мен Анкараның келіссөздер жүргізу арқылы өзара дауларын шешіп, аймақ дағдарыстары үшін шешім жолын таба алатындықтарына сенім білдірді.