Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы уәждерін қайталады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі «ИИР лаңкестікті қолдап отыр» деген негізсіз уәждерін тағы қайталады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр жұма күні Иранның лаңкестікті қолдауы туралы уәждерін қайталап: «Иран Сақшылар Корпусын пайдаланып, аймақта лаңкестікті кеңейтуде. Иран аймақтағы лаңкестікті қолдауды және тайпалық саясатты жалғастыруды тоқтатуы керек»,- деді.
Сауд басшылары Иранға қарсы уәждерін әлемнің әртүрлі елдері Сауд режимін тәкфіршіл уаһабшыл ой-пікірдің орталығы және аймақ пен әлемде лаңкестік ағымдардың артуында маңызды рөл атқаратынын мойындап отырған жағдайда айтуда.
Иранның қауіпсіздік министрі Махмуд Алави маусымның 7 күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылға реакция білдіріп: «Әлем лаңкестік ағымдардың артында Сауд Арабиясының тұрғанын біледі. Өйткені, Сауд Арабиясының Сирия, Ирак пен басқа аймақтардағы лаңкестерді қолдайтыны анық»,- деген болатын.