Иран Сириядағы лаңкестерге зымырандық шабуылмен жауап берді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі өз хабарламасында Сақшылар корпусы әуе күштерінің жуырда Теһрандағы лаңкестік қылмыстарды жасаушыларды жазалау мақсатында Сирияның Дейр аз-Зур аймағындағы такфиршіл лаңкестердің штабы мен жиналатын мекені және қолдау көрсету орталықтарына зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігінің Сақшылар корпусының ақпарат қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның 18 азаматын шәһид етіп, көптеген адамдардың жарақаттануына соқтырған жуырда Теһранда орын алған лаңкестік қылмыстың жалғасында Ислам революциясының Сақшылар корпусы: "Лаңкестер әрбір төгілген қан үшін жауап береді. Сақшылар корпусы Сириядағы такфиршіл лаңкестерді жазалау мақсатында Сирияның шығысындағы Дейр аз-Зур аймағында орналасқан лаңкестердің штабы мен жиналатын мекені және өзін-өзі жаратын көліктерді шығару орталықтарын орта қашықтықта ұшатын жерден атылатын бірнеше зымыранмен нысанаға алды",- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы лаңкестер мен олардың аймақтық және аймақтан тыс демеушілеріне ескерту жасап: "Иран халқына қарсы пәс әрі шайтандық әрекеттер қайталанатын болса, Ислам революциясы Сақшылар корпусының революцияшыл ашуы мен кек алу отының жалыны олардың ұйымдастырушылары мен мүшелерін қамтып, қылмыскерлердің сазайын береді",- деп қуаттады.
Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, көптеген лаңкестер өліп, олардың құрал-жабдықтары мен қару-жарақтарының көзі жойылған.