Сақшылар корпусының зымырандары Сириядағы нысаналарға дәл тиді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде Сақшылар корпусының лаңкестердің Сириядағы штабына зымырандық шабуыл жасағанына тоқталып: "Сақшылар корпусының зымырандары Сирияның Дейр аз-Зур аймағындағы анықталған нысаналарға дәл тиді",- деп мәлімдеді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе күштерінің қолбасшысы генерал Әмир Әли Хаджизаде лаңкестердің басшыларының көзін жою мақсатындағы зымырандардың өткен бағытына сілтеме жасап: "Ираннан атылған алты зымыран Ирактан өтіп, Сирияға жетті. Ал Дамаск тұсынан Дейр аз-Зурге ұшқан ұшқышсыз ұшақтар зымырандардың нысаналарға дәл тигені туралы хабар жеткізді.
Иранның дұшпандары Теһранның Лондон немесе Париж еместігін түсінгені жөн. Бұл тек кішігірім жауап болды. Егер, дұшпандар тағы қателік жасайтын болса, оларға бұдан ауыр соққы береміз",- деді.