Иранның зымырандық шабуылы бұл елдің дайындығын көрсетті
Маусым 22, 2017 08:04 Asia/Almaty
Израиль Армиясы бас штабының қолбасшысы Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының ДАИШ лаңкестеріне жасаған зымырандық шабуылын Теһранның зымырандарының дайындығы туралы үндеуі деп атады.
Гади Айзенкот жыл сайын өтетін Герцлия конференциясында Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы лаңкестердің позицияларына жасаған зымырандық шабуылының Теһранның баллистикалық зымырандарды қолданудағы дайындығын көрсететінін айтып: "Теһран осы әрекетімен дамыған зымырандарға және аймақта көбірек билікке қол жеткізу үшін талпынуда" деді.
Тегтер