Сирияның Дейр эз-Зор аймағындағы зымырандық шабуылда 170-тен астам лаңкес өлді
(last modified Thu, 22 Jun 2017 14:12:16 GMT )
Маусым 22, 2017 20:12 Asia/Almaty
  • Сирияның Дейр эз-Зор аймағындағы зымырандық шабуылда 170-тен астам лаңкес өлді

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Сириядағы лаңкестердің позицияларына жасаған зымырандық шабуылында 170-тен астам лаңкестің, соның ішінде топтың бірнеше қолбасшысы мен ықпалды тұлғаларының ажал құшқанын хабарлады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс қызметі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Сириядағы Дейр эз-Зор аймағындағы лаңкестерге қарсы зымырандық шабуылдың жай-жапсарының бір бөлігін жариялап: «Сирияның Дейр эз-Зор аймағын нысанаға алып, орта қашықтықтағы алты зымыранмен кеше түнде жасалған шабуылда көптеген лаңкес жараланып, олардың кешендері мен қару-жарақтары және оқ-дәрілеріне ауыр шығын келтірілді. Дейр эз-Зор аймағындағы лаңкестердің штабтары мен олардың позияцияларын анықтап,  мәлімет жинау Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштері арқылы нақты және сенімді үдерісте жүзеге асырылып, Корпустың әуе-ғарыш  күштерінің ықтиярына тапсырылды» деді.