Могерини: Иранның зымырандық сынағы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзу саналмайды
Нау 15, 2016 23:15 Asia/Almaty
Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Иранның зымырандық сынағының «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзбайтынын қуаттады.
Ливандық «әл- Аһд» ақпарат торабының мәлімдеуінше, Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини Брюссельде Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлерінің ай сайынғы отырысында: "Иранның жуықтағы зымырандық сынақтарының ядролық келісімге еш қатысы жоқ әрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзу саналмайды" деді.
Могерини ядролық келісім мәселесін қарастыру мақсатында сәуірдің он алтысы күні Иранға сапар шегетінін мәлімдеді.
Тегтер