Мысыр Сыртқы істер министрі Катардың жауабын теріс әрі мағынасыз деп атады
(last modified Thu, 06 Jul 2017 08:22:43 GMT )
Шіл 06, 2017 14:22 Asia/Almaty
  • Мысыр Сыртқы істер министрі Катардың жауабын теріс әрі мағынасыз деп атады

Мысыр Сыртқы істер министрі Катардың Парсы шығанағындағы араб елдерінің 13 тармақтан тұратын баяндамасына берген жауабын теріс әрі мағынасыз деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шокри сәрсенбі күні Катарға санкция жариялаған елдердің келесі отырысының Манамада өтетінін хабарлап: "Катардың Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірлігінің қойған шарттарына берген жауабы теріс болды",- деді.

Катарды оқшаулаған елдердің, яғни Мысыр, Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейн Сыртқы істер министрлерінің отырысы Доханың бұл елдердің шарттарына берген жауабын қарастыру мақсатында сәрсенбі күні кешкіе Каирдың әт-Тахрир сарайында өтті.

Арабстан Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Риядтың Дохаға қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында: "Сауд Арабиясының шарттары жүзеге асқанға дейін Катарға қарсы санкциялар жалғасады",- деді.

Сауд әулеті режимі, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр елдері Дохаға лаңкестікке қолдау көрсетті деген айып тағып, Катармен қатынастарын үзіп, Катармен арадағы әуе және құрлық жолдарын жауып тастады.