Әл-Абади: Әлем Ирактың тез арада ДАИШ-ты жеңетінін елестете алмады
(last modified Mon, 10 Jul 2017 08:44:40 GMT )
Шіл 10, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Әлем Ирактың тез арада ДАИШ-ты жеңетінін елестете алмады

Ирак премьер-министрі әлемнің Ирактың осылайша Мосулдағы ДАИШ лаңкестік тобын тез арада жеңе алады деп елестете алмағанын айтып, бұл қаланы шұғыл түрде қайта құру қажеттігін қуаттады.

Хайдер әл-Абади кеше жексенбі күні Ирактың солтүстігінде орналасқан Нейнава облысының орталығы Мосул қаласына келіп, бұл қаланың ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан толық азат етілгені туралы мәлімдеді.

Ирак премьер-министрі жексенбі күні кешке Ирактың Мосулдағы әскери қолбасшыларымен кездесуінде бұл қаланың азат етілуін Ирактың әскери күштерінің жанпидалығының жемісі деп атап: "Ирак әскерилері өз батылдығымен әлемді таңырқатты",- деді.

Ирактың ақпарат құралдары да Ирактың жер-жеріндегі халқының жексенбі күні кешке қала көшелеріне шығып, Мосулдың азат етілгенін тойлағаны туралы хабарлады.