Лаңкестік топтар Сириядағы бітімді теріс мақсатта пайдаланбауы керек
(last modified Tue, 11 Jul 2017 01:59:50 GMT )
Шіл 11, 2017 07:59 Asia/Almaty
  • Лаңкестік топтар Сириядағы бітімді теріс мақсатта пайдаланбауы керек

Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: "Атысты тоқтату бітімі Сириядағы лаңкестік топтар үшін тыныстап, дем жинайтын мүмкіндікке айналмауы керек" деді.

Ресей, АҚШ пен Иордания келісіміне сәйкес, жексенбіден бастап Сирияның оңтүстік-батысында Дамаск үкіметі мен сириялық қарулы қарсыластар арасында атысты тоқтату бітімі орнатылды.

Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан Сирия мәселесіне қатысты саяси шешім жолы ұсынылу керектігін  айтып: "Бұл кезеңге жету үшін қақтығысушы тараптардың бітім келісіміне берік болуы маңызды" деді.

Ол Сирияның Алеппо, Ирактың Мосул қалаларындағы ДАИШ-ке қарсы жеңістерді Сирия мен Ирак үкіметі және халқының ортақ жетістігі деп атап: "Мосулдың азат етілуі Ирак халқының бірлік арқылы үлкен жетістіктерге жете  алатынын көрсетті" деді.